-
ZERGER
2-тарау : Бейдауа
Оянып кетсем көзімнен жас ағып жатыр. Жаңа ғана өлім алдында болған секілді едім, енді міне, өз бөлмемде отырмын. Жай түс болғаны ма...
Тық-тық-тық!
Мақсат есікті барып ашты.
— Мақсат, байитын керемет іс бар! — деп екі досы кеп тұр.
Тарс!
Мақсат есікті жауып тастады. Дәл осы сәт бір жұма бұрын болған секілді еді. Достары келіп, зергерлік дүкенді тонайық деп айтатын күн.
— Мақсат, ашсай!
Дүңк-дүңк-дүңк!
Жарайды деп есікті қайта ашады.
— Не болды? Келіп тұрсақ есікті қаға салғаның не... — деп Құлақ ашуланады.
— Жо... Жай... — деп сасқалақтап қалады. — Бүгін қай күн?
— Қайдан білейін, демалыс қой әйтеуір.
Мақсат абыржып ас үйге кетіп қалады. Сағатқа қараса түскі он бір болып қапты.
Артынан Көз бен Құлақ еріп келеді.
— Не боп қалды, Мәке? Мазаң қашып кетіпті ғой.
— Бүгін нешесі деймін? Қайда, телефоннан қарасаңшы.
Көз қалтасынан телефонын алып шығып, — Он бірі. — деп жауап қатады.
Мақсат басын ұстап орындыққа отырып қалады.
— Қайдағы байитын іс?
— А?
— Қайдағы байитын іс деймін!? Жаңа айттың ғой!
— Е... Саған шұғыл ақша керек еді ғой, бізге де артық болмас... Сөйтіп... анау «Zerger» дүкенін тонап көрейік па дегенім.
— Жоқ! — деп түк түсіндірмей екеуін үйден қуып шығады.
Қонақ үйі сол кіреберісте еді. Есіктен екеуін шығарып салып сол бір сұр дибанға барып отырады.
-
(Ctrl + солға) Алдыңғы тарау
-
Пікірлер жоқ